Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы аймақтық комиссиясының шешімімен Атырау қаласындағы коронавируспен ауырған №1 емхананың тағы 11 медицина қызметкеріне әлеуметтік төлем төленеді.
Бұған дейін №1 алғашқы медициналық ұйымның дәрігерлері аймақтық денсаулық сақтау басқармасына олардың әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініштерін қараудан бас тарту туралы шағым жасаған. Олардың айтуынша, емхана қызметкерлерінің көпшілігі коронавируспен ауырған.
Жалпы алғанда, облыстық комиссияның қарауына №1 емхана әкімшілігі 33 медицина қызметкерінің құжаттарын ұсынған. 10 өтініш мақұлданды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ЕХӘҚМ-нің 2020 жылғы 10 қазандағы №129 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілгеннен кейін, бүгін облыстық комиссия мүшелері 23 адамның құжаттарын қайта қарады. 22 өтініш бойынша дәлелді бас тарту жасалды. Ал 1 құжат бойынша оң шешім қабылданды.
Бүгінгі күні Атырау облысында барлығы 1105 медицина қызметкері ауырған. Оның 955-і аймақтық комиссияларда қаралған, инфекциялардың тек 67%-ы расталған немесе 476 жағдай кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты. Өтемақыны медицина қызметкерлерінің 90%-ы алды (476 адамның 427-сі), олар кәсіби қызметі барысында инфекция жұқтырған, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, төлем процедураларын жеңілдету мақсатында 2020 жылдың 10 қазанында Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің науқас және қайтыс болған медицина қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемдер туралы бірлескен бұйрығына түзетулер енгізілді. Бұл өтемақыларды қарау және тағайындау процедураларын едәуір жеңілдетті.