"Атырау – Индер" трассасының Атырау қаласына кіреберіс тұсы жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Өр суының қарқыны күшеюіне байланысты, қалаға кіреберіс тұста "Атырау – Индер" трассасында көліктің барлық түрі үшін, қатынас тоқтатылды,- делінген хабарламада.
Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет - Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы – "Атырау – Астрахань" трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар. Еске сала кетейік, "Атырау - Орал" трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылының тұсы көлік қатынас үшін жабық.