Атырау билігі 20 млн теңгеге 2 көлік сатып алмақ

13 Қараша 2020, 23:51
1338
Бөлісу:
Атырау билігі 20 млн теңгеге 2 көлік сатып алмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия кезінде Атырау билігі миллиондар жұмсап, жол талғамайтын екі көлік сатып алмақ. Мемле кеттік сатып алу порталында тараған ақпаратты облыс әкімдігіндегілер растап отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Облыстық бюджеттен 20 миллион теңге осы мақсатқа бөлініпті. Сондай-ақ, темір тұлпарлардың түсі міндетті түрде қара болуы шарт. Әрі шенеуніктер зауыттан биыл ғана шыққан автокөлікке тапсырыс берген.
Бұл көліктер Атырау шұғыл штабының жедел топтарының дайындық деңгейін арттыру үшін сатып алынбақ. Автокөліктерді сатып алуға облыстық мәслихаттың шешімімен қаражат бөлінген. Және де бұл отандық марка, - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.
Атырау облысының әкімдігі ел Президентінің бір емес, бернеше рет қазына қаржысын үнемдеуге шақырған үндеуін ескердік дейді. Сол үшін отандық автокөлікке тапсырыс бердік деп отыр.
Өзгелердің жаңалығы