Атырау автопаркіне 10 жаңа автобус берілді

Атыраудағы «Algabus» автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.

 Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі 19 Наурыз 2023 2023, 03:35
19 Наурыз 2023 2023, 03:35
1213
Фото: Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Атыраудағы «Algabus» автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Yutong» маркалы жаңа автобустар (Қытай) №10 және №20 маршруттарында қатынайтын болады. Жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы көтергіш құралы орнатылған. 20 орындық және тұрып тұруға 30 орын бар, GPS, салқындатқышпен, бейнебақылаумен жабдықталған.

Айта кетейік, көлік Еуро-5 стандарттарына сәйкес экологиялық таза дизель отынымен жүреді.

Наверх