«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

12 Маусым 2022, 16:48
3494
Бөлісу:
«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?
PHOTO
Фото: автордан

Атырау облысы,  BAQ.KZ тілшісі. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұйымдастырған баспасөз туры барысында «Атырау-Астрахань» тасжолының тағдыры қашан шешілетінін біліп, қазір қандай құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанына куә болдық. 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Болатбек Айтбаев «Атырау-Астрахань» тасжолының ұзындығы 277 шақырымды құрайтынын айтты.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

Жолдың 65 шақырымына асфальт-бетон төселіп, қозғалыс ашылды. Қалған 217 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 4 учаскеге бөлінген. Алғашқы учаскесінде 32 шақырым, екіншісінде 45 шақырым, 3-учаскеде 60 шақырым жөнделсе, 4-ші учаскеге ең ұзақ 80 шақырымды жөндеу тиесілі,- деді ол.

Біз 32 шақырымдық 1-учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстық.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

Онда құрылыс жұмыстарын «Ақжол құрылыс» және «Лянкяран Йол Тикинти» мердігер компаниялары жүргізіп жатыр. 

Қазір қара қиыршық тасты төсеу жүзеге асырылып жатыр. Жалпы жоба бойынша айтатын болсақ, 400 техника мен 500 қызметкер жұмыс істейді,- деді Айтбаев. 

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?


Қазір барлық 4 учаскеде 20 шақырым асфальт-бетон төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

Бұрын аталған жол III санатқа жататын. Қазір ол II санатқа көшіріліп, жалпы ені 9 метрлік болады. Биыл 30 млрд теңге бөлінді. Оны жыл соңына дейін игеруді көздеп отырмыз. Біздің басты мақсат- қалған 217 шақырымда қозғалыс ашу. Егер де біз қойылған мақсаттарды жүзеге асырсақ, жыл соңына дейін Құрманғазыдан (бұрынғы-Ганюшкино) Атырауға дейін тұрғындар асфальт-бетон жолмен жүреді,- деді Айтбаев.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

Атырау облысындағы республикалық жолдың ұзындығы - 1125 шақырым. Оның 17 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда емес. 

                                              Материалдардың машақаты  

                                                                               
Атырау облысында қиыршық тас алатын карьер жоқ. Барлық инертті материал басқа өңірлерден жетеді. Ол Маңғыстаудағы Шетпе карьерінен және Ақтөбе облысының Мұғалжар карьерінен жеткізіледі. Биыл құрылыс жұмыстарына жоспар бойынша 1,5 млн тонна қиыршық тас қажет, - деді Болатбек Айтбаев.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

Оның айтуынша, барлық инертті материал темір жол арқылы келетіндіктен бірқатар мәселелер де туындайды.
 

Вагон тапшылығы мен темір жол инфрақұрылымына қатысты мәселелер туындайды. Себебі темір жолдың үш нысанына материалдың басым бөлігі жеткізіледі. Материалдың уақытылы жеткізілуі басты проблема,- деді ол. 

«Ақжол құрылыс» мердігер компаниясының «Атырау-Астрахань» 1-учаскесінің жетекшісі Нұржан Жолдыбаев 2020 жылы нысандағы жұмысқа кіріскенін айтты.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

Жоба бойынша өзгерістер болғандықтан жұмыс былтырдан бастап қайта жаңғыртылды. 2021 жылы жұмыс химиялық қоспаның құрамында гипс  анықталғандықтан  жобада өзгерістер туындады. Сондықтан жұмыс бір жылға кідірді. Себебі жобаны қайта мемлекеттік сараптамадан өткізу керек болды. Алайда жер жұмыстары осы уақытта да жүзеге асырыла берді,- деді Жолдыбаев.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?


                                 Жолдың сапасы қалай тексеріледі?

Сапар аясында жол жөндеу құрылыстары жүріп жатқан жердің маңайындағы жолшылардың қалашығына бардық. 

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

Онда қызметкерлердің уақытша тұру ғимараты орналасқан. Жолдың сапасын анықтайтын арнайы лаборатория да бар. 

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?


Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашев асфальт салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанан атап өтті.

Біз асфальттің құрамы, битумның сапасы, төселген асфальттің тығыздығын тексереміз. Бүгінде нақты анықталған кемшіліктер жоқ. Қиыршық тас, көбес құм мен өзге қоспалар бойынша сынамалар алынды. Ол бойынша нәтиже 10 күнде белгілі болады. Оның нәтижесі бойынша нақты кемшіліктер болса, мердігер компанияларға қосымша тапсырма береміз,-деді Мұқашев.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?


Тексеру жұмыстары жоспар бойынша аптасына бір рет жүргізіледі.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?


Айналма жолдарды тексеру, қосымша материалдарды алу, инженерлердің келіп, кетуі сынды жұмыстарға бақылау жүргіземіз. Жол саласында кадр тапшылығы бар. Алайда біз студенттердің бұл салаға деген қызығушылықтарын арттыруды үнемі жүзеге асырып отырамыз. Әрине, маусым кезінде кадр жетіспеген кезде қосымша мамандар тартып, іссапар бойынша өзге облыстардан мамандар тартамыз,- деді Мұқашев.

«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?

 Бұған дейін ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев «Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңғырту жобасының авторы жауапкершілікке тартылғанын айтқан болатын. Жол төсеміне жергілікті карьерлерден топырақ қабаты жабылған, ол құрамында гипстің болуына байланысты талапқа сай келмеді. Бұл ретте министр жолды қайта құру 2023 жылы аяқталатынын хабарлады.

Айта кетейік, көптеген қазақстандық 2016 жылы «Атырау-Астрахань» тас жолы мәселесіне назар аударған болатын. Содан кейін бұл бағыттағы жолды танымал ресейлік актер және шоумен Станислав Ярушин сынға алды. Жол құрылысы толығымен 2023 жылы пайдалануға берілмек. 

Сондай-ақ бұл бағыттағы жолдардың құрылысымен Премьер-министр Әлихан Смайылов та келіп танысқан болатын.  

Өзгелердің жаңалығы