Атыраудағы атыс: Бір адам ауруханада көз жұмды

31 Қазан 2021, 09:12
86745
Бөлісу:
Атыраудағы атыс: Бір адам ауруханада көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 36 жастағы ер адам ауруханада көз жұмған.

30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 331 шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында төбелес болды. Бес адам жарақат алып, біреуі қолын сындырған. Салдарынан 1985 жылы туған азамат Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада көз жұмды, - деді Атырау облысы ПД. 

Қазіргі уақытта оқиға орнына өңірдің ПД тергеу-жедел тобы жұмылдырылды. Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Болжам бойынша, оқиғаның себебі ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушілік болған.
 

Өзгелердің жаңалығы