Атырауға қыс қайта келді

18 Сәуір 2019, 19:45
3034
Бөлісу:

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Тәуліктен астам уақыт бойы жауған нөсер жауынның ақ түтек боранға ұласуы атыраулықтарды әбігерге түсірді. 

Қаланың көптеген ықшамаудандары мен кейбір селолық округ тұрғындары жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жеткен қатты желдің салдарынан жарықсыз қалды. Көшелерде көлік кептелісі, жолдар көктайғақ. Қала басшыларының айтуынша, су басқан шахарды отыздан астам техника тазалап жатыр.

Атырауға қыс қайта келді

«Жалпы қазір отыздың үстінде техника жұмыс жасап жатыр. Одан бөлек қала ішіндегі жұмыстарға көмектесуге жеке меншіктегі вакуумдардың иелерімен келіссөздер жүргізіліп жатырмыз. Олардың жанар-жағармаймен әкімдік тарапынан қамтылады. Техникалары бар барлық кәсіпкерлерге қаланың ортақ жұмысына көмектесуін ат салысуын сұраймыз», - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин.

Ал, синоптик мамандар мұндай ауа-райы ертең де сақталады дегенді айтады. Бұл Каспий теңізінің үстінен көтерілген циклон солтүстіктен соққан желмен араласып, Атырау аймағына осылайша әсер етіп жатыр екен.

Атырауға қыс қайта келді

«Облыстың оңтүстік шығысы белсенді антициклонның ықпалында болып тұр. Қар аралас жауын шашын жалғасып, кей жерлерде қарқынды болуы ықтимал.Түнде ауа райы 0,5 аязға дейін сақталып, күндіз ашық ауа райы күтіліп, температура +5-10 градуска дейін жоғарылайды», - дейді «Казгидромет» РМК» Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Айна Казгулова

Жалпы, қазір қаланы тазалау жұмыстарына 30-дан астам техника мен 300-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Ал, үзілген электр желілерін қалпына келтіру үшін 25 бригада жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы