Қатты соққан жел мектептің шатырын ұшырды

9 Ақпан 2020, 17:47
2171
Бөлісу:
Қатты соққан жел мектептің шатырын ұшырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қатты соққан жел Түркістан облысындағы ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.


Оқиға Төлеби ауданының Жыланбұзған ауылында болған.
Секундына 26 метр жылдамдықпен соққан желдің екіпініне шыдамай, Жыланбұзған орта мектебі шатыры ұшып кетті. Шатырдың бүлінген аумағы 1000 шаршы метрден асып кетті, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиға орныда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда қайта қалпына кетліру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы