Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

8 Қыркүйек 2019, 14:51
15358
Бөлісу:
Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданына барып, табиғатын тамашалап, ерекше кейіпкерлерден сұқбат алып қайттық. Катонқарағай дегенде көз алдымызға тамаша табиғат, аспанмен астасқан таулар, тау арасымен қалықтай көшкен ақша бұлт, бал мен балдай дәмді қымыз, бұғы шаруашылығы елестейтіні белгілі. Олай болса мақаламызды ең алдымен осы аталғандардың бәрі бір жерден табылатын «Топқайың» демалыс базасы туралы жазудан бастамақпыз.

Бүркіт тауырының бөктерінде

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

«Өскемен-Рахман қайнары» бағытындағы жол бойында, Алтай тауының етегі, Бүркіт тауының бөктерінде, Катонқарағай ауданының бұрынғы орталығы Катонқарағай ауылының кіре берісіндегі күре жолдың бойында «Топқайың» демалыс базасы орналасқан. Катонқарағай ауданындағы туризмнің дамуына үлес қосып отырған кәсіпкерлердлің бірі, демалыс базасының иесі Дәурен Тоқтасынұлының айтуынша, бұл кешенді салу туралы ой араға бінеше жыл салып іске аса бастаған.

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Дәурен Тоқтасынұлы: Өзім осы Топқайың ауылының тумасымын. Әкеміздің көзі тірі кезінде үйімізге қонақ көп келетін. Үйде 1-2 қазан ет асулы тұратын. Әкеміз Тоқтасын Қалибекұлы ауданның құрметті азаматы болды. Бастапқыда ол 1-2 үй салып, жолдас-жораларын ғана қабылдаған болатын. Кейін осы жобаны қолға алдық. 2007 жылдары «Екі дос» демалыс базасын салуды бастадық, бірақ істі бірігіп бастаған адамдармен келіспей, әркім өз жолымен кеткен болатын. Жеріміз де сол кісілердің қолына өтіп кеткен еді. 2010 жылы әкеміз, одан кейін кенже ініміз жол апатынан қаза тауып, бастайтын ісіміз кейінге қала берді. 2013 жылы осы жерді жеке меншіке сатып алдық.

«Кешен салуға арналған қаражат құжат жөндеуге кетті»

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

BAQ.KZ: Қазіргі уақытта демалыс базасында неше үй бар және қандай қызмет түрлері көрсетіледі?

Дәурен Тоқтасынұлы: Жерді жеке меншікке алғаннан кейін алғашқы құжаттарын дайындап, географиялық барлау жасап, топотүсірілім жұмыстарын жүргіздік. Содан кейін кешеннің бас жоспарын жасадық. Үй саламыз деген қаражат құжат жұмыстарына кетті. Сөйтіп 2017 жылдың аяғында ағаштарды домалақтайтын білдек сатып алып, 2018 жылы құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Сол кездегі жоспар бойынша 5 коттедж, 1 асхана мен маралдың сорпасына түсетін орын салу керек едік. Төрт коттедж бен шағын асхана мен марал сорпасына шомылатын орын салынып қойды. Бесінші үй мен жол бойындағы дәмхана құрылысы басталып кетті. Бұл жерге демалуға, емделуге келген адам бал жеп, саумал, осы маңда өсетін шөптерден демделген шай сияқты тек табиғи өнімдерді тұтынып, күніне екі уақыт марал мүйізінің сорпасына түседі және марал қанын ішеді. Демалыс базасынан бөлек жылқы, сиыр, марал бағып, егін, омарта шаруашылығымен айналысамыз. Демек жоғарыда аталған табиғи өнімдердің бәрін өзіміз өндіреміз.

«Болашақта 200 адамға дейін қабылдаймыз»

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

BAQ.KZ: Болашақта бұл кешенде қанша адамға дейін қабылдай алатын боласыздар?

Дәурен Тоқтасынұлы: Биыл күзде қосымша монша құрылысын салуды бастаймыз. Қазір 36 адамды қабылдауға мүмкіндігіміз болса, құрылыс толық аяқталғаннан кейін 60 адамды қабылдауға мүмкіндік болады. Енді алға қойған мақсатымыз – 28 үй салынып, 200-ге жуық адамды қабылдайтын жағдайға жету. Келешекте мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын ескеріп, үйлерді ваннасы, дәрігері ішінде болып, емдеу шаралары бір жерде жүзеге асырылатындай етіп салмақпыз. Осылайша емделу, демалу мақсатымен келушілерді қысы-жазы қабылдайтын боламыз. Ол жерде мейрамхана да, балалар ойнайтын алаң да, спортпен шұғылданатын алаң да, жасанды көл де, аулайтын балық та болады.

«Биыл 33 мемлекеттен туристер келді»

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

BAQ.KZ: Дәл осы демалыс базасының осы аудандағы басқа да демалыс базаларынан қандай ерекшелігі бар?

Дәурен Тоқтасынұлы: Демалыс базасы күре жолдың бойында орналасқандықтан, Бұқтырма суқоймасына да, Рахман қайнарына да, Берел жазығына да барып-қайтуға ыңғайлы. Аталған жерлерге жету қашықтығы бірдей. Өңіріміздегі ең биік таудың бірі – Мұзтау болса, екіншісі – Бүркіт тауы. Бұл демалыс базасы Бүркіт тауының етегінде орналасқан. Ол тауға альпинистер шығады. Біз Ұлттық парк мамандарымен де тығыз байланыста жұмыс істейміз. Оларға келген қонақтар бізге келіп, бізге келген қонақтар сол Ұлттық табиғи парк аумағына барып серуендеп қайтады. Биыл алыс жақын шетелдерден көптеген азамат келді. АҚШ, Голландия, Англия, Италия, Швецария және басқа да 33 мемлекеттен туристер қабылдадық. Демек биыл біз үшін жемісті жыл болды деп айта аламын.

«Туристер табиғатымыз бен табиғи өнімдерге таң қалады»

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

BAQ.KZ: Шетелдіктер үшін бұл жер несімен ерекше?

Дәурен Тоқтасынұлы: Шетелдік туристер аудармашымен жүреді және 8 шет тілін меңгерген қарындасым жаз бойы қасымызда болып, аудармашы болады. Өзімнің балаларым да ағылшын тілін еркін меңгерген. Осы жұмыстың бәрін балаларыммен бірге атқарып жатырмын. Биыл оқу орнын бітірген ұлым қасымызда болып көмектессе, медициналық академияның бесінші курсында оқып жатқан қызым жаз бойы қасымызда болып, дәрігер қызметін атқаруға жарап қалды деуге болады. Шетелдіктермен сөйлесу жеңілірек сияқты, тіпті ымдасып болсын тіл табысуға болады. Шетелдік туристер демалыс базасындағы ағашқан салынған үйлерге, бал, саумал, қымыз, сүт, кілегей сияқты табиғи өнімдерге таңданыс білдіреді. Олар табиғатты аялап, ерекше құрметпен қарайды.

«Мемлекет тарапынан қолдау болса – жақсы болар еді»

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

BAQ.KZ: Неше адамды жұмыспен қамтып отырсыздар?

Дәурен Тоқтасынұлы: Әзірге 14 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Бұл жердегі үйлер саны көбейіп, кәсібіміз кеңейген сайын жұмыспен қамтылатындар саны артып отыратыны сөзсіз.

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

BAQ.KZ: Мемлекет тарапынан қандайда бір қолдау көрсетіле ме? Көрсетілсе, қандай?

Дәурен Тоқтасынұлы: Әзірге үкімет тарапынан қолдау көріп, қаражат алып жатқан жоқпыз. Бәрі жолдас-жоралар мен ағалармыздың көмегінің арқасында жүзеге асуда. Жылжымайтын мүлкімізді кепілге қойып, несие алдық. Осы үйлер біткен соң оларды да кепілге қойып, тағы да несие алып, құрылыс жұмыстарын жалғастырамыз. Үкімет тарапынан инфрақұрылым жағынан қолдау көрсетлсе керемет болар еді. Құрылыс жұмыстары толық бітпегендіктен, әлеумттік желілерде айтарлықтай жарнамалап жатқан жоқпыз. Көбі демалып кеткен адамдардан естіп келеді.

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

Катонқарағай. Марал сорпасы, қымыз бен бал

BAQ.KZ: Сұқбатыңыз үшін рақмет!


Өзгелердің жаңалығы