Атом электр стациясы еліміздің экономикасына орасан зор пайда әкеледі. Мұндай пікірді ҚР ҰҒА академигі, профессор Бірлеспек Алияров білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұрын атом станциясын салуға қарсы едім. Қазір ойым өзгерді. Неліктен деп ойлайсыздар? Себебі қазір заман өзгерді. Көмірқышқыл газы деген өте қымбат. Тоннасына 200 доллар төлеу керек екен. Екіншіден, атом станциясынан ешнәрсе оза алмайды. Атом электр станциясын салуға екі себеп бар. Біріншіден, елімізде қазір энергия тапшылығы бар, екіншіден, көмірқышқыл газының төлемі қымбат. Халық арасында атом электр станциясын кім салады деген қорқыныш бар. Дегенмен қазір 4 елді қарастырып жатырмыз. Өз басым Франция салса деп ойлаймын. Себебі олардың жұмыстарынан кемшілік болған жоқ. Атом электр станциясын кім салатыны әлі белгілі болған жоқ. Сол себептен мына ел салады деген жел сөзге ерудің қажеті жоқ. Менің ойымша, АЭС салынатын жерді ГРЭС-2 деген жерге салу керек пе деп ойлаймын. Себебі маңында станциялар мен су бар. Халық арасында атом электр станциясын салу қауіпті деген ой бар. Дегенмен тереңірек ойланса, еліміздің экономикасына орасан зор пайда әкелетінін естен шығармаған жөн, - дейді ҚР ҰҒА академигі, профессор Бірлеспек Алияров.