«Атамекен» ҰКП қызметі реформаланады – министр

15 Ақпан 2022, 09:27
1140
Бөлісу:
«Атамекен» ҰКП қызметі реформаланады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ведомствоға шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға бағыттай отырып, «Атамекен» ҰКП реформалау тапсырмасы қойылғанын айтты.

 Министрдің сөзінше, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметін реформалау бойынша палата қызметіне функционалдық талдау жүргізу жоспарланып отыр. 

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша ұлттық палата қызметі шағын және орта бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға қайта бағдарланады. Ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі мәселелері бойынша заңнамаға тиісті түзетулер әзірленеді, - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бұл күшті және бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнесті қалыптастыруда қосымша институционалдық құралға айналады.

Өзгелердің жаңалығы