Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі лаңкестік әрекеттер салдарынан бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 103,7 млрд теңгеден асты. Статистикалық мәлімет осы жылдың 12 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша көрсетілген. Бұл туралы “Атамекен” ҰКП хабарлады.
Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар саны – 1946, - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің 11 өңірінде 1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.
Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482;
қоғамдық тамақтану – 44;
қаржы секторы – 61;
логистика – 23;
БАҚ – 5.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты. Өңірлер арасында ең көп зардап шеккен – Алматы қаласы. Шығын сомасы – 102,2 млрд теңге.
Аймақтар:
1) Алматы қаласы
2) Алматы облысы
3) Шымкент қаласы
4) Жамбыл облысы
5) ШҚО
6) Қызылорда облысы
7) Атырау облысы
8) Қарағанды облысы
9) Павлодар облысы
10) Маңғыстау облысы
11) Ақтөбе облысы