Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаев, Қанат Сағымбаев пен Дамир Мусакеевті ұстады.
Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Бішкекте жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс аясында тергеу бұйрығы негізінде ұсталды.
Бүгінде ведомствоаралық жедел тергеу тобы осы қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтауға және қамауға алуға бағытталған шараларды жалғастыруда, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінен.
Айта кетсек, Атамбаевқа Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таштағы жағдайлар бойынша және Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ол 6 қазанға қараған түні тергеу изоляторынан шыққан болатын.
Кеше Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі болды. Бүгін қаладағы коменданттық сағаттың ұзартылғаны анықталды.