Атақты бразилиялық әнші ұшақ апатынан қайтыс болды

6 Қараша 2021, 18:38
979
Бөлісу:
Атақты бразилиялық әнші ұшақ апатынан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда 26 жастағы әнші, Латын Грэмми сыйлығының иегері Марилия Мендонса мінген ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Әртіс және тағы төрт жолаушы, оның ағасы, продюсері және экипаждың екі мүшесі бар ұшақ Мендонса дүниеге келген Гояния мен Минас-Жерайс штатындағы Каратинга арасында апатқа ұшырады. Ешкім аман қалмады.

Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерден ұшақтың тікелей сарқырама астына құлағанын көруге болады. Бір күн бұрын әнші әлеуметтік желіде гитара қапшығымен ұшаққа бара жатқан видеосын жариялаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы