Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесіне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірқатар азамат мемлекеттік тіл мәртебесіне қатысты мәселеге назар аударды. Бірақ бұл жерде жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын көрініс тапқанын да айта кету керек, - деді ол.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы норма 9-бапта орналасқан. Ол жерде мемлекеттік тіл қазақ тілі екені, ал мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны жазылған.