Ата-әжесіне қиянат жасаған немере сотта жауап беретін болды

Үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта бөлмедегі сейфті бұзған.

 polisia.kz 16 Ақпан 2026, 13:37
16 Ақпан 2026, 13:37
841
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында пәтер ұрлығын жасаған жігіт ұсталды. Күдікті жәбірленушінің немересі болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап. 

Сауран ауданында полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің немересі болып шықты.

Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзып, ішінен 3 млн теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Жалпы шығын 7 млн теңгеге жуық. Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген. Тергеушілер қажетті заңды шаралардың барлығын атқарып, істі дәлелдеп, сотқа жолдады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін дүкеннен қымбат күртешені "киіп шыққан" азамат жауапқа тартылған болатын. 

Сондай-ақ, Қарағандыда әйелдің 600 мың теңгелік алтынын өз туысы ұрлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Белгілі болғандай, ұрлық жасады деген күдік арызданушының 19 жастағы сіңлісіне қатысты туындаған.

Наверх