6-7 маусымда Астанада "Оқу пәндерінің мазмұны арқылы ХХІ ғасырдың құзыреттілігін интеграциялау" атты республикалық семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесудің мақсаты - педагогтердің кәсіби өсуі мен дамуына қолдау көрсету.
Қазір біз білім беру ұйымдары ата-аналармен қарым-қатынасты дұрыс және нақты құруға тиіс трендті бақылап отырмыз. Бұл алдымен баланың дамуы үшін өте маңызды. Сол себепті біз педагогтерге осы үдерісте көмектесетін жұмыс құралдарын, білім мен дағдыларды үйретуіміз қажет. Буллингтің алдын алу мәселесі де маңызды болып қала бермек, мұндай жағдайлар болған кезде түсінікті және қарапайым алгоритмдердің болуы, баланы жарақаттамас үшін және буллингтің салдарын азайту үшін дұрыс әрекет етуіміз керек, - дейді "El Umiti" корпоративтік қорының басқарушы директоры Алина Хаматдинова.
Мектеп ортасындағы коммуникацияның өзектілігі зор. Болуы мүмкін жанжалдар мен олардың себептерін дер кезінде анықтау, салдарын болдырмау өте маңызды. Семинарда мектептегі коммуникация, кооперация және ынтымақтастық, қақтығыстарды басқару стратегиялары, сондай-ақ оқушылардың өзара іс-қимыл дағдылары мен басқа да көшбасшылық қасиеттерін дамыту дағдылары оқытылды.
Ал әр тақырыптан кейін педагогтер алған білімдерін жаттығулар орындау арқылы бекітті.
Тарих пәнінің екі мұғалімі өздері даярлаған жобаларын ұсынып, Сингапур тәжірибесін бөлісті. Олар биыл сәуір айында “Smart Ustaz” жобасы аясында өткен байқау арқылы "Дарынды балаларды дамытуға арналған Сингапур білім беру жүйесі" халықаралық оқу курсына тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Финалда барлық қатысушы өз презентацияларын дайындады. Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша барлығына сертификаттар табыс етілді.