Ата-аналар мектеп формасын бір дүкеннен не бір өндірушіден ғана алуға міндетті емес, форманы әркім өз таңдауына қарай ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, мектеп оқушылары бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын киюі тиіс.
Ата-аналар бұл форманы кез келген сауда орнынан қолжетімді бағада, өз таңдауларына қарай сатып ала алады. Сонымен қатар мектеп тарапынан ата-аналарды белгілі бір дүкеннен немесе өндірушіден мектеп формасын алуға міндеттеу заңнамаға қайшы екені ескертіледі, - делінген Астана қаласы Білім басқармасының хабарламасында.
Биыл бір балаға қанша теңге кетеді? Осы сұрақтың жауабын редакциямыз іздеп көрген болатын. Ал мына сілтемеден Қазақстан оқушыларына қандай мектеп формасын киюге рұқсат етілетінін оқи аласыз.
Сонымен қатар, 1 қыркүйекте қай сынып оқушылары алғашқы қоңырауға қатысатыны жайлы жаздық.