Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді ата-аналар өздері мен балабақша арасындағы қарым-қатынастардың барлық түрін ұзарту не бұзуды қашықтан жасай алады.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Тelegram парақшасында жазды.
Енді ата-аналар өздері мен балабақша арасындағы қарым-қатынастардың барлық түрін ұзарта, бұза алады, қашықтан жасай алады, бұл пандемия кезінде өте маңызды. Бұл функционал пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын қосылған балабақшалар саны артып келеді, - деп жазды ол.
Сонымен ата-аналарға қандай қызмет оңтайлы болмақ
- қашықтықтан қабылдау
- құжатты басып шығарудың қажеті жоқ, ол сандық
- заңды қорғалу кепілдігі
- шенеуніктермен және бақша өкілдерімен тікелей байланыс жоқ
- ата-ананың келісімінсіз баланы тіркеу мүмкін емес
- қызметтердің мүлдем ашық құны
Білім беру ұйымдары да осы әдістен пайда көреді, өйткені қағаз құжат айналымы төмендейді, қызметтерді төлеу құнын икемді басқару пайда болды. Жақында ваучерлік қаржыландыру мүмкіндігі пайда болады, сондай-ақ QR код арқылы кіру автоматты түрде есепке алынады, - деп жазды Мәлика Бектұрава.