Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы Монғолияны жеңді

Кеше, 22:52
211
Бөлісу:
Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы Монғолияны жеңді
Фото: видеодан кадр

Асық атудан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Монғолия ұлттық құрамасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, отандық спортшылар 5 кездесудің алғашқысын жеңіспен бастады. Енді Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Испания, Грузия және Мажарстанға қарсы кездесулер өткізеді.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында асық атудан сайыстар «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатыр.

Ертең күні бойы жартылай финал сайысы өтеді. Ал финалдық кездесулер 11 қыркүйекке жоспарланған.

Еске сала кетейік, екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша еліміз медальдар кестесінде көш бастады.

Өзгелердің жаңалығы