Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихат сессиясында бірінші кезекте шешілетін үш басты міндетті атады. Бұл туралы Қарағанды облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау, тұрғын үй мәселесі және әлеуметтік саланы дамыту.
Биыл облыста инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жетті – 650 млрд доллар деп атап өтті аймақ басшысы. Қарқынды бәсеңдетпеу, бизнес-ахуалды жақсарту, «қарапайым заттардың экономикасын» дамыту қажет екенін де айтты. Осының барлығы экономикалық тұрақтылық пен жаңа жұмыс орындарын беретінін айтты.
«Адамдар үшін өмір сапасының негізі тұрғын үй болып табылады. Бұл өте өткір мәселе. Сондықтан біз қолжетімді тұрғын үй мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Екі жылда облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 420 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз жылына 4 300 пәтер дегенді білдіреді. Бірақ облыстың әлеуеті әлдеқайда жоғары», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
«Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекет ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Көп балалы отбасыларға пәтер береміз. Тұрғын үй мәселесі басты мәселе болып табылады. Келесі жылы біз тұрғын үй құрылысының көлемін арттыруымыз керек.
Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды, деп санайды облыс әкімі. Жаңа білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелеріне инвестиция салу - бұл жайлы жағдай жасауға қаражат салу, қызметтердің қолжетімділігі және сайып келгенде азаматтардың әл-ауқатын жақсарту», - деп мәлімдеді ол.
Депутаттар сессияда «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен облыста туризмді дамыту мәселелерін қарастырды.
Жеңіс Қасымбек осы бағыттар бойынша құрылған жоспарлар туралы айтып берді. Оның айтуынша, жол саны бірнеше есеге артады, оның ішінде жергілікті жолдарды жөндеу де қарастырылған.
Көптен күткен жөндеу жұмыстары Қызылорда-Жезқазған жолында жа жүргізіледі деп жоспарланған. Осы жоба бойынша ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс 2020 жылы басталады.
Өңір басшысының айтуынша, туризмді дамыту инфрақұрылымға байланысты және бұл салада проблемалар жеткілікті. Биылғы жылы Балқаш әуежайында жаңартылған ұшу-қону жолағы ашылады. Бұл ретте шағын авиацияға да басымдылық жасалады. Қарқаралы және Ұлытау аудандарында жергілікті әуе желілерінің аэродромдарын салу ниеті бар. Келесі жылы Қарағандыдан Шымкентке және Алакөлге әуе рейстері іске қосылады.
Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданына сапар орталығын салуды жеделдетуді тапсырды.