Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша брифинг барысында айтты.
Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығы мен оларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша Жол картасын әзірледі. Ол ведомствоаралық құжат болып табылады. Процесске қатысатын барлық меморган жүзеге асырушы болып есептеледі. Жергілікті атқарушы органдар мен орталық органдар бірлесе жұмыс ісиейді, - деді Асылова.
Ол атағандай, 2020 жылдан бастап қиын жағдайға түскен балаларды қолдайтын орталық жұмыс істейді.
Онда балаларға әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетілді. Былтыр 2850 бала орталықтарға жеткізілді. Оның ішінде қатыгез қарым-қатынасқа ұшыраған 501 балаға көмек көрсетілді. Барлық баламен сәйкес жұмыс жүргізіліп, отбасына қайтарылды, - деді ол.
Асылова айтқандай, білім беру жүйесінде жұмыс жүйелі жұмыс істейді.
Әр жерде балаларлың құқығын қорғау бойынша қызмет жұмыс істейді. Егер бала қиын жағдайға душар болса, бірден әрекет етеді, - деді вице-министр.