Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жуырда Моңғолияға мемлекеттік сапармен барғанымды білесіздер. Ол жақта да өте маңызды келіссөздер жүргізілді. Моңғолия басшысымен бірге терең мәселелерді талқыладық. Екі көшпенді халықтың ұрпағы ретінде жылқы туралы да айттық. Моңғол жылқылары аласа болғанмен, өте төзімді әрі ұзаққа шабады екен. Біз "тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы" деп арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Тұтас тарихымыз тұлпарлардың тұяғымен жазылды. Жалпы қазақтың мінер көлігі де, ішер асы да жылқымен тығыз байланысты. Саумал мен қымыздың сан түрлі дертке шипа екені баршаға мәлім. Қазір елімізде жылқы саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл – жақсы көрсеткіш, - деді Президент.
Сондай-ақ Тоқаев елімізде асыл тұқымды жылқының үлесі 1 пайызға да жетпейтінін атап өтті.
Яғни 4,2 млн жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн, - деді Мемлекет басшысы.