Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 шілдеде сағат 17.05-те Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағындағы тауда орын алған өрт алдын ала ауданы 20 га алаңда сөндірілді.
Өрт жетуі қиын таулы, жартасты жерде орын алғандықтан, оны сөндіруге қиындық туғызды.
Орманшылардың, өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың және авиабөлімшелердің бірлескен күштерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге барлығы 250-ден астам адам, 26 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО әуе бөлімшесінің, Қазәуеорманкүзетінің 5 тікұшағы жұмылдырылды.
Су төгетін құрылғылардың көмегімен өрт ошақтарына барлығы 125 рет су төгілді.