Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конькимен жүгіруден Азия Одағының (ASU) президенті биылғы жарыстар тізбегінің өткізілмейтінін мәлімдеді, деп жазды Olympic.kz.
Одақ президенті Чанг Мыонг Хи 2020 ASU Trophy турнирлерінің барлығы 2021 жылға ауыстырылғанын хабарлады. Жарыстардың өту мерзімі кейін жарияланады.
Айта кетейік, ASU биылғы жарыстар тізбегін 2021 жылға ауыстырды Құрлықтық ұйымның мұндай қадамға баруына коронавирус індетінің қауіптілігі себеп болып отыр.