Астық өндіруші елдерде бидай өндірісі төмендеуі мүмкін

21 Қыркүйек 2021, 09:24
4365
Бөлісу:
Астық өндіруші елдерде бидай өндірісі төмендеуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астық өндіруші елдерде бидай өндірісі төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес барлық негізгі астық өндіруші елдерде бидай өндірісінің төмендеуі күтіліп отыр. Мәселен, Канадада бидай жинау былтырғы жылмен салыстырғанда 34,5%-ға, Ресейде 15%-ға, АҚШ-та 7%-ға төмендеуі күтілуде.

Астық жөніндегі халықаралық кеңестің бағалауы бойынша әлемде бидай өндіру көлемі 781,7 млн тоннаны құрайды. Биыл дәнді және майлы дақылдарды жинау алаңы 18,9 млн гектарды құрады. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша өнімділік гектарына 9,5 центнер болғанда (ц/га) дәнді және майлы дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 18 млн тоннаны құрайды, - деп түсіндірді министр Үкімет отырысында.

Қарашөкеев баяндағандай, бүгінгі күні шамамен 14,3 млн тонна дәнді-дақылдар және 200 млн тонна майлы дақылдар жиналды. Бұл ретте облыстарда мақсары жинау жүріп жатыр. Ал барлық майлы дақылды жаппай жинау осы айда басталады.

Өзгелердің жаңалығы