Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астрологтар мыңдаған жыл бойы жұлдыздардың байланысы мен адамдардың қаржылық әл-ауқатына назар аударып келеді. Олар аспан денелерінің орналасуы ақша мәселесінен аулақ болуға әсері бар деп есептейді.
Жұлдыз жорамалдағы белгілердің басым көпшілігі үшін қазіргі апталық жұмыс және бизнес тұрғысынан қолайлы болады екен. Астрологтардың пікірінше, қажырлы еңбек пен шығармашылық идеялар оң бағаланады. Бірақ Ignio cайты 4 белгіде дүниеге келген адамдарға айрықша абай болу керектігін ескертеді.
Тоқты жұлдызында дүниеге келген жандарға жұмыс аптасының соңғы күндерінде маңызды келісімшарттарға қол қоюды кейінге қалдыруға кеңес беріледі. Сонда ғана ақша жоғалтудың мүмкіндігі азаяды. Астрологтар жұма күні әріптестерімен ашық сөйлеспеуге кеңес береді. Бұл мансап жолыңызға кері әсер етуі мүмкін.
Торпақ жұлдызымен туған адамдар апта соңына дейін кез келген ірі қаржылық шығындардан сақтанғаны дұрыс. Апта бойы көп қаражат жұмсаудан, шығындардан аулақ жүруге кеңес береді.
Ақшаға қатысты қиын кезең арыстан жұлдызында туған жандарды күтіп тұр. Оларға қосымша табыс көзін табуға кеңес беріледі. Өйткені өз қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Бәрінен бұрын ақшаға дұрыс көзқараспен қарап, қаржыны үнемдей білгеніңіз жақсы.
Таразыларға тәжірибелі әріптестердің ақыл-ойына құлақ асуға кеңес беріледі. Астрологтар әсіресе бейсенбі күні қаржылық маңызды шешім қабылдаудан аулақ болыңыз дейді. Сәрсенбіде жоспарланбаған шығындар орын алуы мүмкін.