Маңғыстауға дәрі-дәрмек Астрахан мен Алматыдан жеткізіліп жатыр

9 Шілде 2020, 12:42
1309
Бөлісу:
Маңғыстауға дәрі-дәрмек Астрахан мен Алматыдан жеткізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстауға дәрі-дәрмек Астрахан мен Алматыдан жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Өңіріміздегі қиын жағдайдағы мәселе – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. 4 кәсіпкер өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отыр. Олар өздерінің көліктерімен де жеткізіп жатыр. Біз де көмектесіп жатырмыз. Ол дәрілер дәріханаларға таратылып жатыр. Тұрғындар тарапынан дәрі бағасының өсіп кетуіне қатысты реніштер бар. Мемлекет басшысы бұл мәселе бойынша арнайы тапсырма берді. Біз де прокуратура мен полиция департаментіне тапсырыс түсірдік. Олар дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсіп кетуін бақылауда ұстайды, - деді ол. 

Облыс әкімі дәрі-дәрмекті өзге ел мен өңірлерден жеткізу мәселесіне де тоқтады. 

Дәрі-дәрмекті тікелей Астраханнан алдырып жатырмыз. Ертең парацетамол, аспирин дәрілері келеді. Біз оны тікелей сол жердегі дәрі-дәрмекпен қамтитын азаматтарға шығып, тікелей алдыртып жатырмыз. 4 кәсіпкер Алматыдан да тасып, күнде жеткізіп жатыр. Дәрі-дәрмектің дәріханаларға түсуін менің орынбасарым бақылап отыр, - деді ол. 

Трұмов тұрғындар арасында дәрі-дәрмекке деген қолжетімділік мәселесі де бар екенін айтты.

Олар кезек қалыптасып жатқанын айтады. Бұл мәселенің барлығы алдағы аптада шешіледі деп отырмыз. Өңірге қазір дәрі-дәрмек Астрахан мен Алматыдан жеткізіліп жатыр. "Ерсай" компаниясы да тікелей Ресейден дәрі-дәрмек жеткізу бойынша жағдай жасап жатыр. Ауруханаларды дәрімен қамтамасыз ету бойынша мәселе жоқ. "СҚ -Формация" жоспарлы түрде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы