«Астрахань-Маңғыстау» магистральді су құбырының жұмыстары басталды

9 Наурыз 2023, 15:56
1040
Бөлісу:
«Астрахань-Маңғыстау» магистральді су құбырының жұмыстары басталды
Фото: КазТАГ

«Астрахань- Маңғыстау» су құбырын жаңғырту үшін шамамен ұзындығы 176 шақырым болатын екі учаске ауыстырылмақ. Бұл арқылы келер жылы құбырдың өткізу қабілеті тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді,  деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

 Мердігер компанияның бас директоры Талғат Құрманбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Құрылыс объектілеріне құбырларды жоспарлы түрде жеткізу жүргізіледі.

Жобаны қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерден 66,7 млрд теңге сомасына қаражат тартылды. Оның 29,7 млрд теңгесі игерілді. Сонымен қатар, жобаны іске асыруға еліміздің Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді. 

«Астрахан-Маңғыстау» магистральдық су құбыры – стратегиялық маңызды объект, Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының тұтынушылары үшін және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандары үшін су берудің жалғыз орталықтандырылған көзі болады. Суды тұтынатындар Маңғыстау облысындағы халық санының 35%- дан астамын және Атырау облысында тұрғындардың 28%- дан астамын құрайды. Жыл сайын халықтың су тұтынуы 4-5%- ға артады, - деп хабарлайды мердігерлер.  

Өзгелердің жаңалығы