Астананың жылу құбырынан ақау анықталды. Жылу берілу тоқтатыла ма?

Жылу құбырындағы қысым бір сағаттың ішінде реттеледі

 Арман Мухатов  - архив 21 Желтоқсан 2023 2023, 15:45
21 Желтоқсан 2023 2023, 15:45
999
Фото: - архив

Бүгін елордадағы жылу желілеріндегі қысым төмендеп кеткен. "Теплотранзит" үйлердегі ауа температурасы төмендемейтініне кепілдік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Астана Теплотранзит" баспасөз қызметінің мәлім еткендей, ақау анықталғанмен, тұтынушыларға жылу берілу тоқтатылмайды.

21 желтоқсан сағат 11:50-де қалалық жылу желілерінде қысымның төмендеуі байқалды. Тексеру барысында жылу құбырынан ақау анықталды. Сағат 12:25-те су құбырынан ақау кеткен учаске ауыздықталып, судың ағуы тоқтатылды. Жылу құбырындағы қысым бір сағаттың ішінде реттеледі. Үйлердегі ауа температурасы төмендемейді және ақауға байланысты тұтынушылар жылу желісінен ажыратылмайды, - делінген хабарламада.

Наверх