Астананы газбен қамту жұмыстары қалай іске асып жатыр?

25 Желтоқсан 2023, 14:29
476
Бөлісу:
Астананы газбен қамту жұмыстары қалай іске асып жатыр?
Фото: «QazaqGaz» ҰК» АҚ

Астанадағы жеке тұрғын үйлердің тең жартысы газға қосылды. 2026 жылға дейін қала толығымен газбен қамтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астананы газбен қамту жұмыстары қалай жүріп жатыр. 

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Астанада биыл газды тұтыну 1,5 есеге артқандықтан қауіпсіздік шараларын күшейту маңызды дейді.

Биыл Астана қаласының ЖЭО-сы газға қосылды және жеке тұрғындар да газға көптеп қосыла бастады. Осы тұста тұрғындарға газбен жұмыс істеуде өте мұқият болуға шақырамын. Әр адам өз өмірі үшін жауапты. Еліміздің басты капиталы адам болғандықтан, біз газ берудегі қауіпсіздік техникасын жоғары деңгейде ұстанып отырмыз. Дегенмен, адамдар газбен жұмыс істегенде салғырттық танытпау керек, оның арты қайғылы жағдайға әкелетіні белгілі, - деді ол.

Қалаға газ қалай жеткізіп жатқанына тоқталып өтсек. Жоғары қысымды газ алдымен «Астана» автоматтандырылған газ тарату станциясына жеткізіледі, қалада мұндай екі станция бар. Мәселен, «Астана» АГТС-2 станциясына газ жоғары қысыммен, яғни 9,8 мегапиксельмен келеді. Бұл дегеніңіз сағатына 230 мың текше метр газ өткізеді деген сөз. Мамандар бұл газ беру станциясының қауқары жоғары екенін айтады, өйткені қала алдағы уақытта тағы өсуі мүмкін, сол себепті күші артығымен есептелген.

Астананы газбен қамту жұмыстары қалай іске асып жатыр?

«Астана» АГТС-2 станциясында газ фильтрден өтіп тазартылады және қысымы 1,2 мегапиксельге дейін төмендетіледі. Бұдан шыққан газ «Юго-Восток» газ тарату станциясына жеткізіледі. Бұл жерде де газдың қысымын реттеліп, төмендетіледі. Бұдан шыққан газ «Юго-Восток» газ жытыту станциясына беріледі, ол қалаға жылу беріп тұрған ЖЭО-ға қосымша дем беруде. Атап айқтанда «Нұрлы Жол» вокзалынан бастап, Мыңжылдық аллеясы, Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі аралықтағы тұрғын үйлерді жылумен және жылы сумен қамтып отыр. Бұдан ары газ жеке секторларға тартылған. Ол жерде де газдың қысымын төмендететін жабдықтар қойылған, мұның барлығы газ қысымынан болатын жарылыстардың алдын алу үшін жасалған.

Біз газды құбырлар арқылы үйдің жанына дейін жеткізіп береміз. Ал, газды әр үйге кіргізумен жеке компаниялар айналысады және бағаны да солар қояды. Бір кездері үйге газ кіргізу 1 млн теңгеге дейін көтеріліп кетті. Сол себепті біз үйге газ кіргізетіндердің бағасы көрсетілген бірыңғай портал әзірледік. Порталға біздің компанияның сайты арқылы кіруге болады. Ол жерде газды қаншаға кіргізуге болатыны көрсетілген, осыдан кейін баға түсті. Қазір Астанада газы үйге кіргізу орта есеппен 720 мың теңге шамасында. Оған газ пешінен бастап, барлық монтаж жұмыстары кіреді, - деді Бауыржан Асқаров.

Сонымен қатар ол газдың бағасы әр өңірде әртүрлі екенін айтты. Тариф пен соңғы бағаны мемлекет бекітеді. Газ негізінен елдің Батысынан шығатындықтан ол жақта баға да төмен. Мәселен, Ақтауда газдың 1 текше метріне 7 теңге төлесе, Астанада ол 38 теңге.

Қазір Астанадағы жеке үйлердің тең жартысы газға қосылып үлгерген. Осы күнге дейін 10 040 абонент газға қосылған. Жалпы қала бойынша газға қосылатын 21 мың абонент бар, мамандар оларды түгелдей 2025 жылы газға қосамыз деп отыр.

Қазір қалада газ құбыры жүргізілген жердегі абоненттердің 80 пайыздан астамы газға қосылып үлгерді. Әсіресе соңғы жылдары халық газдың пайдасын білген соң жаппай қостыра бастады, - дейді Бауыржан Асқаров.

Пресс-тур барысында газ мамандары газды 10 мыңыншы болып қостырған абонентті құттықтап барды. Бесбалық көшесі бойындағы бұл үйдің газға қосылғанына бір апта уақыт болыпты.

Астананы газбен қамту жұмыстары қалай іске асып жатыр?

Біз бала кезден көмір жағып келдік. Газ өте ыңғайлы екен, мен немерелерімді мектепке тасимын, бұрын от жағу өте ыңғайсыз еді. Астанаға газ келгеніне қуаныштымын, оның үстіне 10 мыңыншы абонент болып қосылғанымыз тіптен қуантты. Газды жылдам үйге қосып берген мамандарға алғыс айтамын, - деді қала тұрғыны Сәуле Арғымбекова.

Мамандар газды үйге қосқан соң қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін айтады. Пешті әр жыл сайын тазартып, түтіннің үйге енуіне жол бермеу керек. Адамдардың салғырттығы салдарынан түрлі апаттар орын алып, тіпті кейде қайғылы аяқталып жатады екен.

Бұл компания биыл еліміз бойынша 600 мыңға жуық адамды газбен қамтыған. Әсіресе, Түркістан облысындағы елді-мекендердің көбі газға қол жеткізіпті.

Президент тапсырмасы бойынша еліміздің газ инфрақұрылымын өз қаржысынан инвестициялап отыр. Мәселен, Атырау, Алматы, Астанада және өзге өңірлердегі жобаларға 400 млрд теңгеден аса қаржы жұмсадық. Оған қоса, тұрғындарға газ беруде 389 млрд теңге субсидияланды. Қазір басқа да газ кен-орындарын барлаумен айналысып жатырмыз. Оған шетелдік инвесторлар тартылуда. Жалпы елді газбен қамтуда еш қиындық жоқ, жұмыстар тұрақты жүріп жатыр, - дейді Санжар Жаркешов.

Өзгелердің жаңалығы