Елордадағы JOLTAP жобасына қатысушылар мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу, сондай-ақ жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндіктері бойынша тегін кеңес ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жобаға атсалысуға астаналықтар шақырылады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елордада «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктері ашылған болатын. Олар мынадай мекенжайларда орналасқан:
«Саянұр» базары, Н.Тілендиев даңғылы, 24/5;
Жастар сарайы, Республика даңғылы, 34;
«Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 32а;
«Тұлпар» СО, Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
«Euromall» СҮ, Ш. Қосшығұлұлы көшесі, 24;
«Ailand» ОДО, Қорғалжын тасжолы, 2;
«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
«Mechta» СҮ, Сығанак көшесі, 3;
«Азия Парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26.
Айта кетейік, «JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Айта кету керек, жоба құралдары тұтастай алғанда қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады.
Жобаның бірлескен операторы – «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры.
Жобаға қоғамдық тамақтану, сауда, құрылыс, көлік және қызмет көрсету салаларындағы ірі бизнес өкілдері мен сала көшбасшылары жұмылдырылды.
Жобаға кез келген адам қатыса алады, толықтай тегін. «JOLTAP» аясында тұрғындар қаланың бос жұмыс орындары бар «JUMYS TAP» Telegram-бот секілді құралдарын пайдалана алады, сала көшбасшыларының талаптары мен стандарттары, цифрлық дағдылар (фрилансқа арналған мамандықтар) және шағын бизнесті ашуға арналған шағын несиелеу бағдарламалары жөнінде жұмыс мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқытудан өте алады.