Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаева биыл жазда балалар демалысы қалай ұйымдастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігі білім басқармасының басты назарында. Жазғы демалысты ұйымдастыруға тартылған барлық мемлекеттік құрылымдардың ішінен қалалық ведомствоаралық штаб құрылып, қалалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазір, штаб мүшелері лагерьлердің дайындығын алдын ала тексеруді бастады. 2024 жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрлерімен 1-10 сыныптың 206 468 оқушысы (96%) қамтылатын болады, - деді Маржангүл Қаирбаева Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Каирбаева балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру екі бағыт бойынша жүргізілетінін айтады. Олар – сауықтыру және жұмыспен қамту.
Қаланың білім беру ұйымдарының базасында: 97 мектеп жанындағы лагерь; оқушылардың қызығушылықтары бойынша 75 бейіндік лагерь; балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының базасында орналасқан "Батыр" шатырлы лагері жұмыс істейтін болады. Онда 3 маусымда 150 бала қамтылады. № 43 қосымша білім беру мектеп-орталығында 3 маусымнан 23 тамызға дейін 720 баланы қамтитын "Ақ желкен " спорт лагері жұмыс істейтін болады, - деді ол.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын тегін негізде ұйымдастыру үшін жалпыға бірдей білім беру қорының қаражаты есебінен 7326 бала тегін демалатын болады.
Жақын және алыс шетелдерге туристік сапарлар кезінде 45 820 баланы қамтитын ата-аналардың есебінен демалыс қарастырылған. Сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 458 бала "Бөбек", "Балдәурен-Щучинск", "Балдәурен - Қапшағай", "Балдәурен - Балқаш" республикалық сауықтыру лагерлерінде сауықтырудан өте алады, - деді ол.
Екінші бағыт - жазғы кезеңде балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін 200 519 баланы (99%) 4 бағыт бойынша қамту жоспарлануда.
Олар: жұмыспен қамту бағыты бойынша 43 417 баланы қамтитын 116 іс-шара; шығармашылық жұмыспен қамту бағыты бойынша 99 360 баланы қамти отырып, 300-ден астам іс-шара; спорттық-туристік жұмыспен қамту - барлығы 3330 баланы қамтитын 483 іс-шара; зияткерлік жұмыспен қамту-барлығы 4848 балаларды қамтитын 11 іс-шара жоспарланған, - деді Каирбаева.
Еске салайық, бұған дейін қаланың білім басқарма басшысының орынбасары мектеп бітірушілерге кеш өткізуге рұқсат етілмейтінін айтқан еді.