Астаналық оқушылар қорытынды емтихандарын қашан тапсыратыны белгілі болды

25 Мамыр 2023, 12:02
509
Бөлісу:
Астаналық оқушылар қорытынды емтихандарын қашан тапсыратыны белгілі болды
Фото: елорда әкімдігінің сайты

Биыл қала мектептерінде оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Онлайн-брифингте Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар қандай күндерге белгіленгенін мәлім етті.

Осы оқу жылында 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 оқушы аяқтайды. 

9 (10) сынып оқушыларының қорытынды қорытынды емтихандары осы жылдың 2-13 маусымы аралығында өтеді. 

Олар әр түрлі күндерде төрт пән бойынша өткізіледі. 

2 маусымда эссе түрінде қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан тапсырылады; 

6 маусым – математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан; 

9 маусым – Қазақ тілі мен әдебиетінен орыс тілінде оқытатын сыныптарда, орыс тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын сыныптарда жазбаша емтихан; 

13 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика). 

11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік қорытынды емтихандар 5-19 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді: 

«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша жазбаша емтихан – 5 маусым; 

«алгебра және талдау» пәні бойынша жазбаша емтихан - 8 маусым; 

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ауызша емтихан - 12 маусым, билеттер бойынша; орыс тілінде оқытатын мектептерде «қазақ тілі мен әдебиеті» қазақ тілінде оқытатын мектептерде «орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша жазбаша емтихан - 15 маусым. 

Таңдау бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатика) - 19 маусым. 

11-сыныптың емтихан материалдары әрбір білім беру ұйымына электронды форматта емтихан өткізілетін күні сағат 7.00-де бірінші басшының электрондық поштасына жіберілетін болады, – деп хабарлады басқарма басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы