Астаналық өрт сөндірушілер 11 адамды құтқарып қалды

<h4>Астана, baq.kz. Өткен жұма күні&nbsp;101 өрт сөндіру байланысының орталық пунктіне Сығанақ көшесіндегі үйлердің бірінде өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.</h4>

 14 Қаңтар 2019 2019, 15:12
14 Қаңтар 2019 2019, 15:12
5108

Астана, baq.kz. Өткен жұма күні 101 өрт сөндіру байланысының орталық пунктіне Сығанақ көшесіндегі үйлердің бірінде өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен киім-кешектер жанып жатқаны туралы хабарланған болатын бұл қоңырауда.    

«Өрт сөндіру қызметінің 16-МӨСБ өрт сөндірушілерінің жедел әрекет етуі мен іс-қимылдарының арқасында 11 адам құтқарылды. Адамдарды құтқарумен қатар жанып жатқан пәтерде қалған итті құтқару жұмысы ұйымдастырылды», - делінген Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 Өрт сағат 17:19-да ауыздықталып, сағат 17:25- те толықтай сөндірілді.

Наверх