Астанаға жаңа 100 автобус жеткізілді

29 Маусым 2024, 13:34
344
Бөлісу:
Астанаға жаңа 100 автобус жеткізілді
Фото: nstagram.com/jenis_qasymbek/

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қалаға тағы 100 автобус жеткізілді. Олар техникалық дайындықтан кейін бірнеше күннен соң желіге шығады. Бұл автобустар желідегі автобустардың санын арттырады, осылайша күту аралығын қысқартады. Жаңа маршруттар іске қосылып, ескі автобустарды кезең-кезеңімен алмастырады,- деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Елорда әкімінің сөзінше, елордаға биыл осыған дейін 100-ге жуық автобус жеткізілген.

Осыған дейін биыл қалаға 100-ге жуық автобус жеткізілді. Биыл барлығы 320 автобус жеткізуді жоспарлап отырмыз, оның ішінде жеке автопарктер қаражаты есебінен де қарастырылады. Былтыр, мәселен қоғамдық көлік паркі 400 автобусқа ұлғайды,- деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы