Астанаға Оман сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді

Келіссөздерде екіжақты байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 4 Қазан 2026, 10:01
4 Қазан 2026, 10:01
252
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.

Наверх