Астанадан өткен түнде 45 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

Кеше, 16:10
177
Бөлісу:
Астанадан өткен түнде 45 мыңнан астам текше метр қар шығарылды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы, тоқтаусыз жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

3 ақпан күні таңертең елордада қар тазалауға 2 642 жол жұмысшысы мен 1 811 арнайы техника жұмылдырылды.

Ал 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 49 211 текше метр қарды 3 351 ауыр жүк рейсімен шығарды.

Астанадан өткен түнде 45 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан полигондарға 4 млн 811 мың 952 текше метр қар 377 089 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Астанадан өткен түнде 45 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы