Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанадан өткен түнде 15 мың текше метрден астам қар шығарылды

16 Ақпан 2024, 21:29
722
Бөлісу:
 Елорда әкімдігі
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада қар тазалау жұмысына таңертеңнен бастап екі мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде, яғни 15 ақпаннан 16-сына қараған түні елордадан 15 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға мыңнан астам рейс жасалды.

Астанадан өткен түнде 15 мың текше метрден астам қар шығарылды

16 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалауға екі мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мыңнан астам арнайы техника шықты.

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Астанадан өткен түнде 15 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 342 мыңға жуық рейс арқылы 4,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы