Астанадан Нячанг қаласына әуе рейсі ашылады

19 Қазан 2022, 21:46
2086
Бөлісу:
Астанадан Нячанг қаласына әуе рейсі ашылады

Бұл туралы Kazakhstan Global Investment Roundtable-2022 атты жаһандық инвестиция жөніндегі дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық авиация саласында COVID-19 пандемиясынан кейін қайта қалыпқа оралу процесі байқалуда. Халықаралық әуе тасымалы кеңейіп, аптасына 490 рейс жиілігімен 28 елге 112 бағытқа жетті, - деген комитет өкілі олардың негізгілеріне тоқталды.

Айтуынша, 2021 жылы мынандай маршруттар ашылған:

Катар бағытында: Алматы – Доха.

Кувейт бағытында: Алматы – Эль-Кувейт.

БАӘ бағытында: Әбу-Даби – Алматы.

Мальдив аралдары бағытында: Алматы – Мале.

Шри-Ланка бағытында: Алматы – Коломбо.

2022 жылы Италиямен Алматы – Милан бағыты, Грекиямен Алматы – Ираклион бағыты ашылды. Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан Анкараға рейстер ашылады деп күтілуде. Алматы мен Астанадан Нячанг қаласына (Вьетнам) ашылады. Таиландқа, Моңғолияға және Түрікменстанға рейстерді қалпына келтіру жоспарланып отыр. Пәкістанмен әуе қатынасын ашып, Қытаймен, Үндістанмен, Ұлыбританиямен, Сауд Арабиясымен және Өзбекстанмен әуе қатынасын ұлғайту көзделген, - деді Қасым Тілепов.

Өзгелердің жаңалығы