Астанадан Алматыға ұшатын FlyArystan әуе рейсі бір түнде үш рет кейінге шегерілді деп хабарлайды BAQ.KZ AviaNews.Kz сайтына сілтеме жасап.
22 қыркүйекте "Fly Arystan" әуекомпаниясының KC - 7058 рейсінің жолаушылары Астанадан Алматыға ұша алмады. Рейстің уақыты үш рет ауыстырылды. Әуе компаниясының жолаушылары алғашқы хабарламаны сағат 22.00 - де алды.
КС - 7058 Астана — Алматы рейсі 22.09.2023 23:45-те өндірістік қажеттілік себебінен кешіктірілгенін хабарлаймыз, - делінген компанияның хабарламасында.
Рейстің ұшу уақыты 23 қыркүйекте сағат 00:20-ға ауыстырылды. Содан кейін 23 қыркүйекте таңғы сағат 04.30-ға және 04.45-ке ауыстырылды.
Кешіктірілген рейс жолаушыларының айтуынша, әуе компаниясы билетті қайтарудан бас тартқан, сондықтан көптеген адам басқа рейске билетті өз бетінше сатып алуға мәжбүр болған.
Ережеге сәйкес, рейс 4 сағаттан артық кешіктірілгендіктен "Fly Arystan" әуе компаниясы жолаушыларға ыстық тамақ ұсынды.