Астанадан 98 мың еуроны заңсыз алып кетпек болған шетелдік ұсталды

22 Ақпан 2024, 18:44
380
Бөлісу:
Астанадан 98 мың еуроны заңсыз алып кетпек болған шетелдік ұсталды
Фото: pixabay.com

Астанадан 98 мың еуроны заңсыз алып кетуді көздеген шетелдік ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпан айында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Астана" кеден бекетімен Астана – Стамбул халықаралық рейсінің жолаушыларына жалпы сомасы 98 000 еуроны заңсыз экспорттамақ болған кедендік бақылау жүргізу кезінде шетелдік азамат ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық жауапкершілік мәселесін қарау үшін іс материалдары Астана қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Қаржы министрлігі Астана қаласы бойынша МКД Президент Жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынғанын, бұзушылық үшін жоғарыда аталған нормадан сомасына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы