Астанадан 62 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Елорда көшелерін қар мен мұздан тазарту үшін 2,3 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

16 Қараша 2022 2022, 00:20
АВТОР
 16 Қараша 2022 2022, 00:20
16 Қараша 2022 2022, 00:20
1593

Елорда көшелерін қар мен мұздан тазарту үшін 2,3 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қыс мезгілі басталғалы қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Көшелер тәулік бойы қардан тазартылады.

15 қарашада бұл жұмысқа 2,3 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық мамандандырылған техника, оның ішінде қартиегіш пен самосвал жұмылдырылған.

14 қарашадан15 қарашаға қараған түні қаладан 8 мың текше метрден астам қар шығарылды.

 

Жалпы қалаға қар түскелі бері елордадан 62 мың текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 4 708 рейс жасалды.

Наверх