Астанадағы ЖЭО-да апат болғаны рас па?

11 Ақпан 2024, 14:11
1199
Бөлісу:
Астанадағы ЖЭО-да апат болғаны рас па?
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада 9 ақпан күні сағат 11:44-те реттеу жүйесінің істен шығуына байланысты ТА-4 өшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Астана энергия" АҚ хабарлауынша, соның салдарынан компенсатор жарылған.

"Бұл апаттық жағдай емес. Барлық олқылық жөнделді. Қазіргі уақытта ТА-4 жұмыс істеп тұр. Жүктемесі бұрынғыдай – 100мВат, - деді "Астана энергия" АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге болған жағдай ЖЭО-2 жұмысына еш әсерін тигізбеген.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мұның апат емес екенін нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы