Қазір елордадағы веложолдардың жалпы ұзындығы 77,5 км. Велосипед инфрақұрылымын дамыту 2018 жылы «Велосипед көлігін дамыту» жобасының алғашқы кезеңінен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл кезеңде 47 км веложол салынды, олар Орталық саябақтан басталып, Қарқаралы тас жолы бойындағы «Жасыл белдеудегі» қолданыстағы веложолмен қосылған еді.
Сонымен қатар «Жасыл белдеуде» ұзындығы 23 км болатын веложолы бар жол-жолақ жүйесі жасалды.
2020 жылы жаңа веложолдар салуды көздейтін «Велосипед көлігі инфрақұрылымы» жобасы әзірленді. 2021 жылы осы жоба аясында 7,5 км веломаршрут салынды. Олар Мұстафин көшесі, Абылай хан даңғылы, Құдайбердіұлы және Қошқарбаев көшелері квадратында, сондай-ақ ішінара Момышұлы даңғылы бойымен өтеді.
Велосипед инфрақұрылымы дамып, экологиялық көлікті таңдаған қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Сонымен қатар велосипед көлігін дамыту экологияны жақсартып, ауаның сапасын көтеруге және жол қозғалысының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.