Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанадағы қолайсыз ауа райы: әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр ма?

Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві
Фото: BAQ.KZ архиві

Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына қарамастан қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта ауа райына байланысты рейстердің кешіктірілуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәліметке сәйкес, рейс кестесіндегі ықтимал өзгерістер тек ұшақтардың ұшу әуежайларынан кешігіп келуіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай шешімдерді әуе компанияларының өзі қабылдайды.

Қазіргі таңда бір ғана рейстің тоқтатылғаны белгілі болды. Ол Талдықорған әуежайындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты жүзеге аспаған. Аталған әуежайда уақытша әуе кемелерін қабылдау мүмкін болмай отыр.

Астана әуежайының барлық қызметтері толық көлемде жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылым мен операциялық үдерістер тұрақты режимде жүзеге асуда. Жолаушыларға рейстердің мәртебесін әуе компанияларының ресми сайттары мен мобильді қосымшалары арқылы қадағалап отыру ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы