Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Мәжілістің кулуарында елорда маңындағы өртке қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанадағы өртті толық сөндіру үшін біраз уақыт керек. Қазір онда 200-ге жуық адам мен техника бар. Олар кезекпен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Олар жеткілікті. Өртті толық сөндіруге шамамен 1-2 апта керек болуы мүмкін. Барлығы сыртқы факторға байланысты. Сондай-ақ біздің құрылым мен жауын-шашынға байланысты, - деді министр.
19 маусымда елордада Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.