Астанадағы өрт. Қала әкімі 15 жастағы қызды құтқарған ер адаммен кездесті

Бүгiн, 14:45
125
Бөлісу:
Астанадағы өрт. Қала әкімі 15 жастағы қызды құтқарған ер адаммен кездесті
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өртеніп жатқан үйден 15 жастағы қызды құтқарған қала тұрғыны Алтынбек Алтаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасымбектің сөзінше, оның қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық. Қазіргі күннің батыры атанған Алтынбек Алтаевқа 2 млн теңгенің сертификаты берілді.

Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездестім. Ер адам тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында болған өрттен қыз баланы құтқарып қалды. Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!, - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске салсақ, 12 тамызда Астана қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді. Өртке оранған үйде 15 жастағы қыз қалып қойған. Өрт сөндірушілермен қоса Астана тұрғыны жасөспірімді құтқарып қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы