Әлеуметтік желіде лифт ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео қызу талқылануда. Бейнежазбадан өзінен жасы үлкен балалардың әдепсіздігіне тайсалмай жауап берген балақайды көруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кадрлардан добы бар баланың лифтке кіріп, өзіне қажетті қабаттың батырмасын басқаны көрінеді. Осы сәтте оның артынан өзінен 2-3 жас үлкен бір топ бала ілесіп кіреді. Олар кіші баланың таңдауын елемей, ол басқан батырманы әдейі өшіріп тастап, өз қабаттарын басады.
Мұндай әлімжеттікке тап болған балақай олардан жасқанбай, батыл қарсылық танытты. Видеодан оның нағыз ер мінез көрсеткенін байқауға болады. Ол жасы үлкендердің қыспағына қарамастан, өз құқығын қорғап қалды.
Балақай әдепсіздік танытқандардың қолын итеріп, өз қабатының батырмасын қайта басты.