Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болды

Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болып, оқиға видеоға түсіп қалған.

 Архив 19 Сәуір 2025 2025, 00:33
19 Сәуір 2025 2025, 00:33
1018
Фото: Архив

Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болып, оқиға видеоға түсіп қалған. Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдайға қатысты Астана қалалық ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның хабарлауынша, төбелеске қатысқан тұлғалар анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда бұзақылық мақсатында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ПД хабарламасында.

Сонымен қатар, тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Істің барысы Алматы ауданы Полиция басқармасының бақылауында.

Наверх